Жаңа аудан әкімі тағайындалды

Аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында депутаттардың бірыңғай келісімі арқылы Әлиев Бағдат Байшалұлы аудан әкімі болып тағайындалды. Тағайындауға өңір басшысы Амандық Ғаббасұлы Баталов арнайы келіп, сенімін білдірді. Сонымен қатар, ауданның бұрынғы басшысы Жандарбек Ермекұлы Далабаевтың осы күнге дейінгі жұмысына жоғары баға беріп, алдағы уақытта Қарасай ауданының әкімі ретінде атқаратын қызметіне сәттілік тіледі. Жаңа сайланған аудан басшысы Әлиев Бағдат Байшалұлы 1958 жылы дүниеге келген. Атқарған соңғы қызметі - Алматы облысы Кербұлақ ауданының әкімі. Бірнеше жыл бұрын Жамбыл ауданының мәслихат хатшысы қызметін атқарған.