Ақындар мен батырлар еліне 90 жыл

Жер жаннаты-Жетісудың Алматы облысының батысындағы берекелі өңірі, ынтымағы мен бірлігі жарасып, қазақы қаймағы бұзылмаған, бақ дарыған киелі Жамбыл ауданымыздың 90 жылдық мерейтойы аталып өтті. Тойымыз ең алдымен Жамбыл атамыз бен Қарасай батыр ескерткіштеріне гүл қою рәсімімен басталды. Торқалы тойымызға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Динар Жүсіпәліқызы Нөкетаева, Алматы облыстық мәслихаттың хатшысы Сұлтан Мырзабекұлы Дүйсембінов, осы өңірде туып өскен мемлекет және қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері және де әр салада еңбек етіп жүрген танымал тұлғалар қонақ болды. Ғылыми-тәжірибелік конференциясында ауданымыздың тыныс-тіршілігі, қазіргі уақытта атқарылып жатқан жұмыстар туралы аудан әкімі Бағдат Байшалұлы толық баяндап берді. Айта кететін болсақ, ауданның 90 жылдық мерейтойына орай, "Ағала ордам қонған жұрт" атты кітаптің лентасы қиылып, конференциядан кейін 3000-ға жуық адамдардың қатысуымен, ауданымыздың стадион алаңында идеологиялық маңызы зор қойылымдар көрсетіліп, барша аудан тұрғындарын атаулы мерейтойымен аудан басшысы Бағдат Байшалұлы құттықтап, жүрек-жарды лебізін білдірді.